Қауіпсіздік бәрінен қымбат

Баспасөз

«Трест Средазэнергомонтаж» АҚ компаниялар тобында Бүкіләлемдік еңбекті қорғау күніне орай «Менің қауіпсіз жұмыс орным» байқауы өткізілді. Шара мақсаты – қызметкерлердің өз жұмыс орнында еңбекті қорғау талаптарын сақтауын бақылау тиімділігі мен әрбір жұмысшының еңбек қауіпсіздігі талаптарын сақтауға деген жауапкершілігін арттыру болып табылады.

Байқау шарттары бойынша қатысушылар өз жүмыс орындарын еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы саласына сәйкес ұйымдастыруы не жетілдіруі тиіс болатын. Байқауға «САЭМ Петропавл» ЖШС кәсіпорнынан екі жұмыс келіп түсті.

Арматураны жөндеу кезінде тозаң әзірлеу цехі мен қазандық жабдықтарын жөндеу бойынша слесарь жұмыс орнын жетілдіру бойынша топқа тозаң әзірлеу цехі мен қазандық жабдықтарын жөндеу бойынша слесарь Қанат Әлжанов, Әкімшілік-шаруашылық бөлімінің қосалқы жұмысшысы Олег Калугин және №1 тарату орталығының шебері Василий Тихненко кірді. Ал жабдықтар түйіндерін жөндеу кезінде станок паркінің жөндеуші слесарінің жұмыс орнын жетілдіру жұмыстарымен екінші топ құрамында жабдықтарды жөндеу бойынша слесарьлер Денис Духов пен Александр Москаленко айналысты.

«Өызметтің кез-келген саласында және кез-келген уақытта мұндай ынталы ұсыныстар, жұмыстар, ал бастысы – адамдар табыла бермейді. Байқау қатысушыларының жұмыстары оқыс оқиғалар мен өндрістік жарақаттанудың алдын алудың жарқын көрінісі болып табылады. Егер компанияның барлық қызметкерлері олардың үлгісімен өз жұмыс орындарын жетілдіріп, дамытатын болса, бұл біздің үлкен жетістігіміз болмақ. Мұндай байқауды компанияда келесі жылы да өткізуді ұйғарып отырмыз. Ол жолы компаниялар тобының қызметкерлері байқауға белсендірек қатысады деп сенемін», – деп атап өтті байқау ұйымдастырушысы, «Трест Средазэнергомонтаж» АҚ Қауіпсіздік және еңбекті қорғау басқармасының басшысы Дәурен Құдабаев.

Барлық байқау қатысушылары дипломдармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.

+7 (7172) 249-422 office@saem.kz