Компания

Компания

«Трест Средазэнергомонтаж» АҚ компаниялар тобы – жылу және электр энергетикасы саласындағы ауқымды жобаларды әлемдік стандарттар деңгейінде жүзеге асыратын ірі әртараптандырылған құрылыс холдингі.

1942 жылы құрылғаннан бері САЭМ мамандары Орта Азиядағы жылу-электр орталықтарының көбінің құрылысына қатысқан. Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алғанға дейін Трест монтаждаған турбиналардың жалпы қуаты 25 600 МВт құрады. Ал бу қазандықтарының өнімділігі – сағатына 115 500 тонна буға ие.

2005 жылдан бері САЭМ компаниялар тобы Қазақстанда 100-ден астам жобаны жүзеге асырды: Астана қаласындағы 1-ЖЭО, 2-ЖЭО, Петропавл қаласындағы 2-ЖЭО және Павлодар қаласындағы 3-ЖЭО-нда жалпы қуаты 862 МВт 10 турбоагрегат, жалпы өнімділігі сағатына 2 450 тонна 10 бу қазандығы және жалпы өнімділігі 940 Гкал/с су жылыту қазандықтары пайдалануға берілді.

Сондай-ақ, жүзеге асырылған жобалар ішінде күл үйінділері құрылысы, жылу желілерін қайта құру және жөндеу, ТП БАЖ, электр және жылу жабдықтарын реттеу жұмыстарын орындау, металл құрастырылымдары мен темірбетон өнімдерін жасау бар.

«Трест САЭМ» АҚ «Каустик» АҚ хлор-сілтілі өндірісін пайдалануға беру барысында құрылыс және іске қосу-реттеу жұмыстарын толықтай орындау бойынша бірегей тәжірибеге ие болды.

САЭМ компаниялар тобы құрамына «Средазэнергомонтаж Петропавл» ЖШС; «Энергострой» ҚБ» ЖШС; құрамына Металл құрастырылымдары зауыты кіретін «Средазэнергомонтаж Павлодар» ЖШС еншілес ұйымдары мен «Центрказэнергомонтаж» АҚ тәуелді ұйымы кіреді. САЭМ құрылымында Жылу монтаждау жұмыстары басқармасы, Электр монтаждау жұмыстары басқармасы, Электр техникалық жабдықтар мен автоматтандыру жүйелерін іске қосу-реттеу басқармасы, Жылу техникалық жабдықтарды реттеу басқармасы, Гидротехникалық жұмыстар басқармасы, Оқыту-курс комбинаты, Сынақ зертханасы, Аттестациялық пункт, Дәнекерлеу және термоөңдеу бөлімі қызмет етеді.

САЭМ компаниялар тобы Қазақстанның солтүстігінде ауыр климаттық жағдайларда ірі энергетикалық және өндірістік нысандардың жобаларын жүзеге асырады. САЭМ мамандары техникалық қиын және бірегей нысандарда жұмыс жүргізуге рұқсатқа ие.

+7 (7172) 249-422 office@saem.kz