САЭМ талдарды қорғайды

Баспасөз

2017 жылы Компанияның 75 жылдығы қарсаңында «Трест Средазэнергомонтаж» АҚ Алматы қаласында қайта өңдеу мақсатында қағаз қалдықтарын жинау акциясын бастаған болатын. 9 ай ішінде қызметкерлер жарты тоннаға жуық қолданылған қағаздарды жинады.

Қызметкерлер жиналған қағаз қалдықтарын «Карина Трэйд» ЖШС компаниясына өткізді. Бұл компания оларды қайта өңдеп, сулықтар мен әжетхана қағаздарын әзірлейді.

Айта кету керек, Алматы қаласында басталған акцияны компанияның өзге өңірлердегі еншілес және тәуелді компаниялары мен өндірістік бөлімдері де қолдап әкетті. Қазір компанияның барлық кеңсе ғимараттарында тек қағаз қалдықтарын жинауға арналған жасыл қоқыс жәшіктері қойылған.

Акцияның мақсаты ­– қызметкерлер назарын кеңсе қоқыстарын бөліп жинауға аудару болып табылады. Сондай-ақ, бұл қағазды шектен тыс пайдалануды болдырмау мақсатында экономикалық мәдениетті арттырып, қызметкерлерді табиғи ресурстарды тиімді пайдалануға үгіттеу арқылы экологиялық мәдениетті де көтереді.

САЭМ талдарды қорғайды

+7 (7172) 249-422 office@saem.kz