«Трест Средазэнергомонтаж» АҚ дәнекерлеушісі Қытайда өткен халықаралық байқауда екі дүркін жүлдегер атанды

Баспасөз

«Трест Средазэнергомонтаж» АҚ жылу-монтаж жұмыстары басқармасының VI дәрежелі электр дәнекерлеушісі Жансерік Оразаев Қытай Халық Республикасының Шанхай қаласында өткен дәнекерлеу ісі бойынша халықаралық Arc Cup 2017 байқауына Қазақстан командасының құрамында қатысып, «М01 болат тобын аргон-доғалы дәнекерлеу» және «М11 болат тобын аргон-доғалы дәнекерлеу» аталымдарында екі қола медаль иеленді. Қазақстан құрама командасы жалпы есепте екінші жүлделі орын алды.

Әлемнің 9 елінің дәнекерлеушілерінің басын қосқан Arc Cup 2017 халықаралық байқауына Қазақстан осымен екінші мәрте қатысты. Айта кету керек, 2016 жылы ҚХР астанасы – Пекин қаласында өткен бұған дейінгі байқауда да Қазақстан екінші орын иеленген болатын.

Өзге елдермен салыстырғанда қатысушылар саны аз қазақстандық құрама мүшесі, «Трест Средазэнергомонтаж» АҚ-ның тағы бір дәнекерлеушісі Виктор Деговцов байқауға белсенді қатысқаны үшін алғыс грамотасымен марапатталды.

«Мұндай айтулы байқаудағы жеңіс біздің мамандардың біліктілігі мен дайындығының жоғары деңгейін танытады. Келешек байқауларда бұдан да жоғары нәтижелерге қол жеткіземіз деп сенеміз», – деп атап өтті «Трест Средазэнергомонтаж» АҚ дәнекерлеу және термоөңдеу бөлімінің бастығы Ренат Ғаббасов.

«Трест Средазэнергомонтаж» АҚ дәнекерлеушілерінен бөлек, жалпыкомандалық жеңіске «ҚазТрансОйл» АҚ, «Daewoo Bus Қазақстан» ЖШС, «Ақтау тренинг орталығы» ЖШС жұмысшылары да үлкен үлесін қосты. Қазақстан қоржынында – дәнекерлеушілер сайысы бойынша 1 алтын және 2 қола медаль болса, инжненерлік-техникалық қызметкерлер мен зерттеушілер арасындағы сайыс бойынша 1 күміс медаль бар.

АО «Трест Средазэнергомонтаж» АҚ қоғаммен байланыс тобы

Тел.: +7 (727) 273 45 08

pr@saem.kz

Анықтама:

«Трест Средазэнергомонтаж» АҚ – өндірістік нысандарға маманданған, сондай-ақ, ЖЭО құрылысы, жылу- энергетикалық қондырғыларды монтаждау, жөндеу және қайта құру саласындағы отын- энергетикалық секторын басқару қызметтерін атқаратын құрылыс-монтаж компаниясы.

+7 (7172) 249-422 office@saem.kz