Көкте жеңіс туы желбіреген күннен бері арада 73 жыл өтті.Бұл қасиетті мереке араға жылдар салып бізден алыстап бара жатса да, соғыс ардагерлерінің қаһармандығы, ерлігі, даңқы ешуақыт ұмытылмақ емес. Жеңістің 73 жылдығы қарсаңында «Трест Средазэнергомонтаж» АҚ дәстүрлі түрде өз Ұлы Отан соғысы ардагерлерін құттықтады.
Герасимова Анна Михайловнаны ұжым түгелдей компанияның бас кеңсесінде қуанышқа бөледі. Қызметкерлер өз ардагерінің әрбір келген қаламына разы. Ал бүгінгі күннің орны тіпті де ерекше. Ұжым атынан ардагерді компанияның Директорлар кеңесі төрағасы Леонид Леонидович Янушко құттықтады. Өз кезегінде Анна Михайловна компания ұжымына алғысын білдіріп, жыр шумақтарын төгілтті. Естелі сурет, гүл және өзге де сый-сыяпаттар мерекелік көңіл-күйді асқақтатып жіберді.
Елена Васильевна Пигареваны Трест шағын топ болып Ардагерлер үйінде құттықтады. Ол мұндай тосын сыйға қатты қуанып қалды. Гүл, құттықтау хат, сыйлықтар қолына тиген ардагер балаша мәз болды. Құттықтау суреттегі бейнелерге қарап отырып, ол соғыс жылдарын, Трестте қызмет еткен уақытты еске түсірді. Өкінішке орай, әріптестердің көбі еске орала қоймады. «Жылдар өте бәрі ұмытылады екен. Алайда соғыс картинасы әлі де көз алдымнан өшер емес», - деді ол. Қатар келген қуаныш пен естеліктерден көзіне жас алған Елена Васильевна «Трест САЭМ» АҚ ұжымына алғыс тілектерін жаудырып, әрдайым аспанымыз ашық, еліміз бейбіт болуын тіледі.