«Трест Средазэнергомонтаж» АҚ Forbes Kazakhstan рейтингі бойынша қазақстандық жеке компаниялардың үздік елулігіне енді.
Басылымның жазуы бойынша, рейтингке қызметін Қазақстанда жүзеге асыратын, капиталында республика азаматтарының үлесі 50%-дан кем емес компаниялар кірген. Алғашқы тізімде 300 компания бар болған болса, олардың ішінде үздік елулік қызметкерлер саны мен табыс көлеміне қарай іріктелген. "Трест САЭМ" АҚ рейтингте 40-шы орында тұр.
Компания бүгінде ЖЭО құрылысы мен жылу-энергетикалық қондырғыларды монтаждау, қайта құру және жөндеу саласында үздік болып табылады. Негізгі қызметін еліміздің солтүстік өңірінде: Астана қаласы мен Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстарында жүзеге асырады.