Мейірім шуағы

Баспасөз

Қазақстанда 1 наурыз – Алғыс айту күні 2016 жылдан бері атап өтіледі. Мереке ел Президентінің бастамасымен бекітіліп, мереке датасы ретінде 1 наурыз – Қазақстан халқы ассамблеясының құрылған күні таңдалып алынған болатын. Бұл күні Қазақстанда тұратын халықтар бір-біріне және қазақ халқына қонақжайлылығы мен бауырмалдығы үшін алғыс айтады.

«Трест Средазэнергомонтаж» АҚ қызметкерлері Алғыс айту күнін мерекелауге өз үлестерін қосып, Талғар қаласындағы «Нұр» балалар үйіне көмек жинау мақсатымен «Қайырымдылық жәшігі» акциясын өткізді. Мұндай жәшіктер Компанияның Алматы қаласындағы екі кеңсесінде орналастырылды. Акцияға тек Трест қызметкерлері ғана емес, сонымен бірге арендатор серіктестер де белсене қатысты.
Үш күндік акция нәтижесінде түрлі сыйлыққа толы жиырма шақты пакет жиналды. Олардың ішінде киімдер мен ойыншықтардан бастап, тәттілер, канцеляриялық және гигиеналық керек-жарақтарға шейін бар. Ал Компания ұжымының ең негізгі сыйлығы - жаңа LED теледидар болды.
Трест қызметкерлері балаларға сыйлықтарды мереке күні апарып тапсырды. Айта кету керек, бұл жылы «Нұр» балалар үйі өзінің 20 жылдығын атап өтпекші. Соған орай, алғашқы мерейтойлық сыйлықты балалар үйіне «Трест Средазэнергомонтаж» АҚ қызметкерлері жасады. Тұяқ Қазкенқызы Есқожинаның басқаруымен балалар үйі жиырма жылдан бері жетім балалар мен ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар тәрбиесімен айналысып келеді. Бұл жылдар ішінде балалар үйінен 700 бала түлеп ұшса, қазіргі таңда тәрбиеленушілер саны 50-ге жуық.
Балалардың көпшілігі сабақта болғандықтан, сый-сияпатты балалар үйінің директоры мен бірнеше тәрбиеленуші қыздар қабыл алды. Балалардың көзі, әсіресе жаңа теледидарды көргенде жайнап сала берді. Өйткені, қазір мәжіліс залында жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Ол аяқталғанда, балалар енді жаңа теледидар алдында бас қосатын болады.
Қуанышты балалар акцияға қатысқан барлық қызметкерлер мен серіктестерге алғыстарын білдірді.

+7 (7172) 249-422 office@saem.kz