САЭМ үздік елулікте

//САЭМ үздік елулікте

САЭМ үздік елулікте

«Трест Средазэнергомонтаж» АҚ Forbes Kazakhstan рейтингі бойынша қазақстандық жеке компаниялардың үздік елулігіне енді. 

Басылымның жазуы бойынша, рейтингке қызметін Қазақстанда жүзеге асыратын, капиталында республика азаматтарының үлесі 50%-дан кем емес компаниялар кірген. Алғашқы тізімде 300 компания бар болған болса, олардың ішінде үздік елулік қызметкерлер саны мен табыс көлеміне қарай іріктелген. "Трест САЭМ" АҚ рейтингте 40-шы орында тұр.

Компания бүгінде ЖЭО құрылысы мен жылу-энергетикалық қондырғыларды монтаждау, қайта құру және жөндеу саласында үздік болып табылады. Негізгі қызметін еліміздің солтүстік өңірінде: Астана қаласы мен Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстарында жүзеге асырады.

 

2018-02-27T14:15:54+06:00February 27th, 2018|ҚБЖ жаңалықтары|Comments Off on САЭМ үздік елулікте