Астана

//Астана

Астана

Астана қаласы 1-ЖЭО жұмысын жетілдіру үшін «Трест Средазэнергомонтаж» АҚ компаниялар тобы оны қайта құру бойынша жобаны жүзеге асырады. Оның аясында 2011 жылдан бері ст.№3, 5 қазандық агрегаттар және ст.№2 турбоагрегат қайта құрылып, пайдалануға берілді. Сондай-ақ, станцияның келесі нысандарында жөндеу жұмыстары мен қондырғыларды жаңғырту жұмыстары жүзеге асырылады: №2 түтін тұрбасын құру, қолданыстағы күл үйіндісін қайта құру, желілік сорғыларды ауыстыру, су төмендету желілерін монтаждау, отын беру трактын қайта құру.
«Ст.№7, 8 қазандық агрегаттарын және ст.№5, 6 турбоагрегаттарын орнатып 2-ЖЭО-н және Астана қаласының су жылыту қазандығын кеңейтіп, қайта құру» жобасы қаланың дамып келе жатқан оң жағалауын және орталықтандырылған жылу жүйесіне қосылған сол жағалаудың құрылыстарын жылумен қамтамасыз ету үшін жүзеге асырылуда. Жоба аясында қуаттылығы 130 МВт ст.№5 турбоагрегат, қуаттылығы сағатына 550 тонна бу ст.№7 қазандық агрегат, сондай-ақ, әрқайсысының қуаттылығы 120 Гкал/с төрт қазандықты су жылыту қазандығы пайдалануға берілді.

2018-01-18T11:17:48+00:00January 18th, 2018|Жобалар|Comments Off on Астана