Әріптестікке әркез дайын

//Әріптестікке әркез дайын

Әріптестікке әркез дайын

26-27 сәуірде Астана қаласында бір мезгілде үш өндірістік көрме: «Энергетика, Электротехника және Энергетикалық машина жасау» – Powerexpo Astana, «Бұзбаушы бақылау және Техникалық диагностика» – NDT Kazakhstan және «Машина жасау, Станок жасау және Автоматтандыру» – MachExpo Kazakhstan көрмелері өтті. 

Көрмеге Қазақстан, Өзбекстан, Түркия, Чехия, Польша, Корея және Германия елдерінің кәсіпорындары қатысты. Біріккен экпозицияда қатысушыларэнергетика, электротехника, машина жасау, бұзбаушы бақылау, өнеркәсіптік қауіпсіздік жүйесіндегі нысандарды бақылау әдістемелері саласындағы құрал-саймандар, қондырғылар мен қызмет түрлерін таныстырды.

«Трест Средазэнергомонтаж» АҚ бұл көрмеге екінші мәрте қатысып, компанияны Оқыту-курс комбинаты мен Сынақ зертханасы таныстырды.

Көрме барысында «Қазақстандық регистр» заңды тұлғалар бірлестігі нысандарды бұзбаушы бақылау және сынау саласында қызмет ететін мамандарға «Қазақстан Республикасы өнеркәсіптік қауіпсіздік жүйесінде бұзбаушы бақылау және техникалық диагностикалау халықаралық стандарттарын қолдану» тақырыбында конференция өткізді. Оның аясында техникалық диагностика саласында жаңа технологияларды енгізу мәселелері талқыланды.

2018-05-14T13:15:56+00:00Май 14th, 2018|ҚБЖ жаңалықтары|Комментарии к записи Әріптестікке әркез дайын отключены