Әрдайым қолдауға әзір

//Әрдайым қолдауға әзір

Әрдайым қолдауға әзір

«Трест Средазэнергомонтаж» АҚ «Қазақ зағиптар қоғамы» тәжірибелік кәсіпорнына қайырымдылық көрсетіп, кірқыстырғыш жасауға арналған екі тоннаға жуық серіппелі сым табыстады.

Қазақ зағиптар қоғамы көз ақауы бар 1 және 2 топ мүгедек­терін ортаға бейімдеу және еңбекке оқыту шараларымен айналы­сады. Қоғамда жұмыс істейтін 63 адамның 45-і зағип жандар бо­лып табылады. Мүге­дектер тігін цехында және кірқыстырғыштар әзірлеу өнідірісінде ең­бек етеді.

Қоғамда шикізат, атап айтқанда, сым жетіспеушілігі байқа­лып, мүгедектер жұмыссыз әрі еңбекақысыз қалған кезде көмекке «Трест САЭМ» АҚ Компаниясы келді. Қазір қоғамда жұмыс қайта жанданып, зағип жандар өздерінің кәсібіне кіріскен. Екі тонна сым 800 мың кірқыстырғыш әзірлеуге жеткілікті.

Айта кету керек, бұл – Компания қоғамға көрсетіп отырған үшінші көмек. «Мүгедектер үшін жұмыс – тек ақша табудың көзі ғана емес, ол, сондай-ақ, зағип жан­дардың қоғамға өзінің қажеттілігін сезінуіне көмекте­седі. Бізге көмектесу арқылы сіздер оларға бұл мүмкін­дікті сыйға беріп отырсыздар», – деп атап өткен қоғам директоры Мирас Нүсіпбаев барша ұжым атынан көр­сетілген қайырымдылық көмек үшін алғыс білдірді.

2018-01-18T11:28:24+00:00November 6th, 2017|ҚБЖ жаңалықтары|Comments Off on Әрдайым қолдауға әзір