Ұжым ағаш отырғызды

//Ұжым ағаш отырғызды

Ұжым ағаш отырғызды

«Трест Средазэнергомонтаж» АҚ ұжымы Наурыз мерекесін тойлау шарасы аясында Алматы қаласындағы компанияның өндірістік базасы аумағында ағаш отырғызды.

Компания корпоративтік даму мәселесіне аса зор мән береді. Соған орай, биылғы жылы Наурыз мерекесін ашық аспан астында тойлау туралы шешім қабылданды. Компания ұжымы алма, алмұрт, қара өрік, алша сынды жеміс ағаштарын отырғызды. Олардың кейінгі күтіп-баптау жұмыстарын да Компания қызметкерлері өз мойындарына алды.

Мереке сәнін қазақтың ұлттық ойыны - асық ату мен мол дәмге толы дастархан кіргізді. Әлбетте, дастархан төрінен дәстүрлі дәм - наурыз көже орын алды.

Наурыз мерекесін аймақтарда Компанияның еншілес және тәуелді кәсіпорындары да тойлады.

 

2018-03-27T09:20:33+00:00March 27th, 2018|ҚБЖ жаңалықтары|Comments Off on Ұжым ағаш отырғызды