«Средазэнергомонтаж» тресіне – 75 жыл!

//«Средазэнергомонтаж» тресіне – 75 жыл!

«Средазэнергомонтаж» тресіне – 75 жыл!

16 қараша күні Қазақстанның жетекші құрылыс-монтаж компаниясы – «Средазэнергомонтаж» тресіне (САЭМ) 75 жыл толды. Бұл уақыт ішінде кәсіпорын Қазақстан мен Орта Азиядағы барлық дерлік жылу-энергетикалық станциялардың құрылыс жұмыстарына қатысты. Қазіргі таңда компания Қазақстан өңірлерінде қолданыстағы жылу-электр орталықтарын жаңғырту бойынша кең ауқымды жобаларды жүзеге асырумен, сондай-ақ, Астана 3-ЖЭО-ның бірінші кезек құрылысымен айналысуда.

Мерейтойға дайындық барысында «САЭМ» брендінің танымалдығы мен кәсіпорын беделін көтеруге бағытталған бірқатар шаралар жүзеге асырылды. Компанияда ребрендинг жүргізіліп, логотип, фирмалық стиль және корпоративтік сайт жаңартылды. Жаңа бренд компанияның корпоративтік құндылықтарына сәйкес әзірленді және ол дизайн мен жетекші технологиялардағы заманауи тенденцияларғай сай келеді.

Мерйетой қарсаңында Трест «САЭМ: Строим будущее, сохраняя традиции» корпоративтік кітабын жарыққа шығарды. Кітапта кәсіпорынның қалыптасу, даму тарихы баяндалып, қазіргі қызметі де көрсетілген. Сондай-ақ, Трестің 75 жылдығына арналған видеофильм де түсірілді. Айта кету керек, кәтап мен фильмдегі кәсіпорын тарихы туралы көптеген мәліметтер мен сурет және видеоматериалдар алғашық мәрте жарық көрді.

2017 жыл ішінде САЭМ компаниялар тобы қызметкерлеріне арналған бірнеше шығармашылық байқау ұйымдастырылды. Олардың арасында – отбасылық әулеттер байқауы, балалар шығармашылығы мен қызметкерлер арасындағы шығармашылық байқаулар бар. Барлық байқау жеңімпаздары желтоқсан айында Энергетик күніне арналған мерекелік шара барысында марапатталатын болады.

Дәнекерлеушілердің дәстүрлі байқауы да бұл жылы кәсіпорынның 75 жылдығына орай өткізілді. Жарыстағы жаңалық – байқаудың ауыспалы кубогын енгізу болды. Ол жыл сайын ең үздік дәнекерлеушілер тобына беріліп отыратын болады.

САЭМ алдағы уақытта да басталған жобаларды жүзеге асыруды жалғастырып, өз бренді мен жылу-энергетикалық нысандарды құру, монтаждау және қайта құру нарығындағы орнын нықтай беруге ниетті. Барлық қызметкерлер мен ардагерлерді атаулы мерекемен құттықтап, жаңа жетістіктер тілейміз!

2018-01-18T11:06:43+00:00Январь 15th, 2018|ҚБЖ жаңалықтары|Комментарии к записи «Средазэнергомонтаж» тресіне – 75 жыл! отключены