САЭМ күн сәулесі

//САЭМ күн сәулесі

САЭМ күн сәулесі

Жеңіс күні мерекесі қарсаңында  «Трест Средазэнергомонтаж» АҚ ұжымы компанияның Алматы қаласындағы өндірістік база аумағында экологиялық тимбилдинг ұйымдастырды. Бұл наурыз айында ұжым жеміс ағаштарын отырғызған шараның дәстүрлі жалғасы іспеттес болды. 

САЭМ күн сәулесі САЭМ күн сәулесі САЭМ күн сәулесі САЭМ күн сәулесі

Экологиялық тимбилдинг аясында қызметкерлер гүлзарға түрлі гүлдер екті. Жұмыс аса қызу жүріп, қызметкерлер ерекше белсенділік танытты. Олар үлкен гүлзарды әп-сәтте қазып, қопсытып, күн сәулесі бейнесінде қызылды-жасылды гүлдерді жайнатып тастады. енді әсем гүлдер компания қызметкерлерін қуанышқа бөліп, оларды күн сайын жұмысқа ынталандырып отырады.

Сондай-ақ бұл күні ұжымның ер азаматтар тобы өндірістік алаңдар мен базаға қарайтын аумақтарды түрлі қоқыстардан тазартты.

2018-05-14T13:47:02+00:00Май 14th, 2018|ҚБЖ жаңалықтары|Комментарии к записи САЭМ күн сәулесі отключены