Мектепке дайындық

//Мектепке дайындық

Мектепке дайындық

Үстіміздегі жылы «Трест Средаз­энергомонтаж» АҚ компаниялар тобында «Балаларды мектепке дайындайық» қайырымдылық акциясын өткізу бастамасы көтерілген болатын. Оның аясында барлық кәсіпорын ұжымдары республикадағы балалар мекемелерінің тәрбиеленушілеріне көмек көрсетті. Акция Білім күніне орай ұйымдастырылып, негізінен мектепте білім алуға қажетті канцеляриялық қажеттіліктерді жинауға бағытталды.

Алматыда «Трест САЭМ» АҚ акциясына тек қызметкерлер ғана емес, арендатор серіктестер де атсалысты. Осылайша, бірнеше қорап толы түрлі сыйлықтар жиналды. Олардың ішінде канцеляриялық қажеттіліктер ғана емес, ойыншықтар, киім-кешек пен аяқ киімдер де бар. Пакеттерге үлестірілген сыйлықтарды компания өкілдері Талғар қаласындағы «Нұр» отбасылық балалар үйіне апарды.
Айта кету керек, бұл - компания аталған балалар үйне көрсетіп жатқан екінші көмек. 1 наурыз - алғыс айту күні қызметкерлер алғашқы қайырымдылық шарасын ұйымдастырған болатын.
Балалар үйінде тәрбиеленуші балалар саны елуге жуықтайды, олардың дені мектепке барады. Балалардың анасы, балалар үйінің жетекшісі Есқожина Тұяқ Қазкенқызының айтуынша, биыл бірінші сыныпқа барған балалардың саны басым. Cоған орай, мектепке қажетті заттардың тапшылығы қатты сезілуде. Тиісінше, канцеляриялық қажеттіліктер түріндегі сыйлықтарға балалар да, тәрбиешілер де қатты қуанысып қалды. Олар қайырымдылық шарасына белсене қатысқан барлық жандарға алғаусыз ақ тілектерін жаудырды.
Үстіміздегі жылы «Нұр» балалар үйі жиырма жылдықтарын атап өтеді, соған орай салтанатты шараларға қызу дайындық жұмыстары жүріп жатыр. Бұл шаралардың құрметті қонағы болуға біздің компания қызметкерлері де шақыру алды.

2018-10-11T10:34:42+00:00Октябрь 11th, 2018|ҚБЖ жаңалықтары|Комментарии к записи Мектепке дайындық отключены