ҚБЖ жаңалықтары

/ҚБЖ жаңалықтары

САЭМ талдарды қорғайды

2017 жылы Компанияның 75 жылдығы қарсаңында «Трест Средазэнергомонтаж» АҚ Алматы қаласында қайта өңдеу мақсатында қағаз қалдықтарын жинау акциясын бастаған болатын. 9 ай ішінде қызметкерлер жарты тоннаға жуық қолданылған қағаздарды жинады. Қызметкерлер жиналған қағаз қалдықтарын «Карина Трэйд» ЖШС компаниясына өткізді. Бұл компания оларды қайта өңдеп, сулықтар мен әжетхана қағаздарын әзірлейді. Айта кету керек, Алматы қаласында басталған [...]

2018-05-18T11:18:02+00:00May 18th, 2018|ҚБЖ жаңалықтары|Comments Off on САЭМ талдарды қорғайды

САЭМ күн сәулесі

Жеңіс күні мерекесі қарсаңында  «Трест Средазэнергомонтаж» АҚ ұжымы компанияның Алматы қаласындағы өндірістік база аумағында экологиялық тимбилдинг ұйымдастырды. Бұл наурыз айында ұжым жеміс ағаштарын отырғызған шараның дәстүрлі жалғасы іспеттес болды.      Экологиялық тимбилдинг аясында қызметкерлер гүлзарға түрлі гүлдер екті. Жұмыс аса қызу жүріп, қызметкерлер ерекше белсенділік танытты. Олар үлкен гүлзарды әп-сәтте қазып, қопсытып, күн сәулесі бейнесінде [...]

2018-05-14T13:47:02+00:00May 14th, 2018|ҚБЖ жаңалықтары|Comments Off on САЭМ күн сәулесі

Жеңіс күнін жақындатқандар

Көкте жеңіс туы желбіреген күннен бері арада 73 жыл өтті.Бұл қасиетті мереке араға жылдар салып бізден алыстап бара жатса да, соғыс ардагерлерінің қаһармандығы, ерлігі, даңқы ешуақыт ұмытылмақ емес. Жеңістің 73 жылдығы қарсаңында «Трест Средазэнергомонтаж» АҚ дәстүрлі түрде өз Ұлы Отан соғысы ардагерлерін құттықтады.  Герасимова Анна Михайловнаны ұжым түгелдей компанияның бас кеңсесінде қуанышқа бөледі. Қызметкерлер өз [...]

2018-05-14T13:31:43+00:00May 14th, 2018|ҚБЖ жаңалықтары|Comments Off on Жеңіс күнін жақындатқандар

Әріптестікке әркез дайын

26-27 сәуірде Астана қаласында бір мезгілде үш өндірістік көрме: «Энергетика, Электротехника және Энергетикалық машина жасау» – Powerexpo Astana, «Бұзбаушы бақылау және Техникалық диагностика» – NDT Kazakhstan және «Машина жасау, Станок жасау және Автоматтандыру» – MachExpo Kazakhstan көрмелері өтті.  Көрмеге Қазақстан, Өзбекстан, Түркия, Чехия, Польша, Корея және Германия елдерінің кәсіпорындары қатысты. Біріккен экпозицияда қатысушыларэнергетика, электротехника, машина жасау, бұзбаушы бақылау, [...]

2018-05-14T13:15:56+00:00May 14th, 2018|ҚБЖ жаңалықтары|Comments Off on Әріптестікке әркез дайын

Ұжым ағаш отырғызды

«Трест Средазэнергомонтаж» АҚ ұжымы Наурыз мерекесін тойлау шарасы аясында Алматы қаласындағы компанияның өндірістік базасы аумағында ағаш отырғызды. Компания корпоративтік даму мәселесіне аса зор мән береді. Соған орай, биылғы жылы Наурыз мерекесін ашық аспан астында тойлау туралы шешім қабылданды. Компания ұжымы алма, алмұрт, қара өрік, алша сынды жеміс ағаштарын отырғызды. Олардың кейінгі күтіп-баптау жұмыстарын да Компания [...]

2018-03-27T09:20:33+00:00March 27th, 2018|ҚБЖ жаңалықтары|Comments Off on Ұжым ағаш отырғызды

Мейірім шуағы

Қазақстанда 1 наурыз – Алғыс айту күні 2016 жылдан бері атап өтіледі. Мереке ел Президентінің бастамасымен бекітіліп, мереке датасы ретінде 1 наурыз – Қазақстан халқы ассамблеясының құрылған күні таңдалып алынған болатын. Бұл күні Қазақстанда тұратын халықтар бір-біріне және қазақ халқына қонақжайлылығы мен бауырмалдығы үшін алғыс айтады. «Трест Средазэнергомонтаж» АҚ қызметкерлері Алғыс айту күнін мерекелауге өз [...]

2018-03-12T09:05:52+00:00March 12th, 2018|ҚБЖ жаңалықтары|Comments Off on Мейірім шуағы

Компания мамандарды іздейді

«САЭМ Павлодар» ЖШС («Трест Средазэнергомонтаж» АҚ еншілес кәсіпорны) өз командасына Павлодар қаласынан жаңа мамандарды іздейді. Қажет мамандар: Электр дәнекерлеуші, электрогаз дәнекерлеуші; Монтажшы; Слесарь/қондырғыларды жөндеу бойынша электрослесарь; түйіндер мен бөлшектерді әзірлеу бойынша слесарь; Оқшаулаушы; Кислотоупорщик-гуммировщик; Ұста-бетоншы; Тасшы-шатыршы; Сылақшы-сырлаушы. Құрметті ізденушілер, егер Сіз осы талаптарға сәйкес келіп, Компанияны дамытуға өз үлесіңізді қосуға дайын болсаңыз, біздің кәсіби командаға [...]

2018-03-12T09:02:32+00:00March 12th, 2018|ҚБЖ жаңалықтары|Comments Off on Компания мамандарды іздейді

САЭМ үздік елулікте

«Трест Средазэнергомонтаж» АҚ Forbes Kazakhstan рейтингі бойынша қазақстандық жеке компаниялардың үздік елулігіне енді.  Басылымның жазуы бойынша, рейтингке қызметін Қазақстанда жүзеге асыратын, капиталында республика азаматтарының үлесі 50%-дан кем емес компаниялар кірген. Алғашқы тізімде 300 компания бар болған болса, олардың ішінде үздік елулік қызметкерлер саны мен табыс көлеміне қарай іріктелген. "Трест САЭМ" АҚ рейтингте 40-шы орында тұр. Компания [...]

2018-02-27T14:15:54+00:00February 27th, 2018|ҚБЖ жаңалықтары|Comments Off on САЭМ үздік елулікте

«Средазэнергомонтаж» тресіне – 75 жыл!

16 қараша күні Қазақстанның жетекші құрылыс-монтаж компаниясы – «Средазэнергомонтаж» тресіне (САЭМ) 75 жыл толды. Бұл уақыт ішінде кәсіпорын Қазақстан мен Орта Азиядағы барлық дерлік жылу-энергетикалық станциялардың құрылыс жұмыстарына қатысты. Қазіргі таңда компания Қазақстан өңірлерінде қолданыстағы жылу-электр орталықтарын жаңғырту бойынша кең ауқымды жобаларды жүзеге асырумен, сондай-ақ, Астана 3-ЖЭО-ның бірінші кезек құрылысымен айналысуда. Мерейтойға дайындық барысында «САЭМ» брендінің [...]

2018-01-18T11:06:43+00:00January 15th, 2018|ҚБЖ жаңалықтары|Comments Off on «Средазэнергомонтаж» тресіне – 75 жыл!

Әрдайым қолдауға әзір

«Трест Средазэнергомонтаж» АҚ «Қазақ зағиптар қоғамы» тәжірибелік кәсіпорнына қайырымдылық көрсетіп, кірқыстырғыш жасауға арналған екі тоннаға жуық серіппелі сым табыстады. Қазақ зағиптар қоғамы көз ақауы бар 1 және 2 топ мүгедек­терін ортаға бейімдеу және еңбекке оқыту шараларымен айналы­сады. Қоғамда жұмыс істейтін 63 адамның 45-і зағип жандар бо­лып табылады. Мүге­дектер тігін цехында және кірқыстырғыштар әзірлеу өнідірісінде ең­бек [...]

2018-01-18T11:28:24+00:00November 6th, 2017|ҚБЖ жаңалықтары|Comments Off on Әрдайым қолдауға әзір