Сынақ зертханасы

/Сынақ зертханасы
Сынақ зертханасы2018-01-18T09:44:16+00:00

«Трест Средазэнергомонтаж» сынақ зертханасы металл және дәнекерлеу қосындыларын бұзушы және бұзбаушы бақылау тәсілдерін қолдана отырып, бақылау және зерттеу қызметтерін көрсетеді.

Зертхана штатында бұзбаушы бақылау саласының мамандары қызмет етеді. Сынақ зертханасы өзіндік заманауи қондырғылармен жабдықталған, ол бұзбаушы бақылау бойынша жұмыстар кешенін сапалы әрі жедел орындауға мүмкіндік береді.

Зертхана тау-металлургия, мұнай-газ, химия, құрылыс, транспорт және өнеркәсіптің энергетика салаларында бұзбаушы және бұзушы сапа бақылауын, өзге де жұмыстар жүргізу, зертханадағы өлшеу қалыбын бағалау туралы куәландыру негізінде металл және дәнекерлеу қосындыларын бұзбаушы бақылау жүргізу бойынша қызметтер көрсетеді.

Зертхана өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында жұмыс жүргізуге рұқсат беретін аттестатқа, СТ РК ИСО/МЭК 17025- 2007 «Сынақ және калибрлік зертхана компетенттігінің жалпы талаптарына» сәйкесттік аккредиттеу аттестатына ие.

Сынақ зертханасы қолданатын бұзбаушы бақылау тәсілдері – ультрадыбыстық (ультрадыбыстық дефектоскопия, ультрадыбыстық қалыңдық өлшеуіш), визуалды-өлшеуіш бақылау, магнитті-ұнтақты бақылау тәсілі, енуші заттарды бақылау (түсті дефектоскопия, вакуумны-көпіршікті тәсіл), металл қаттылығын өлшеу, металл құрылымын металлографикалық зерттеу.