Павлодар облысы

/Павлодар облысы
Павлодар облысы2018-01-16T12:34:51+00:00

Павлодар облысында Павлодар қаласындағы 2-ЖЭО және 3-ЖЭО, Екібастұз ЖЭО жылу-энергетикалық қондырғыларын жөндеу және қайта құру бойынша жобалар жүзеге асырылып, жылу желілерін қайта құру бойынша жұмыстар жүргізілуде. «Средазэнергомонтаж Павлодар» ЖШС құрамындағы Металл құрастырылымдар зауыты Павлодар, Екібастұз, Петропавл және Астана қалаларындағы нысандар үшін металл құрастырылымдар мен металл өнімдер әзірлейді.

2005 жылдан бері Павлодар 3-ЖЭО-нда жалпы қуаттылығы 325 МВт ст.№2, 4, 5 турбоагрегаттар, өнімділігі сағатына 420 тонна бу болатын ст.№1 қазандық агрегат және жалпы суландыру аумағы 3 200 м2 екі градирня пайдалануға берілді.