Мансап

/Мансап
Мансап2018-01-15T11:48:08+00:00

«Трест САЭМ» АҚ қызметкерлерді басқару саясатының мақсаты – ашық корпоративтік жүйесі бар және қызметкерлердің барлық мүмкіндігін ашуына жағдай жасайтын ұйымдық-тиімді компания құру болып табылады. Қызметкерлерді басқару саясатын жүзеге асыруда адам капиталын сақтау және көбейтуге, заманауи стандарттарға сәйкес келетін кәсібиліктің жоғары деңгейін қамтамасыз етуге, кәсіби, жеке және басқарушылық білім, қабілет-қарымдарды дамытуға басымдық беріледі.

Қызметкерлерді басқару саясаты келесі бағыттар бойынша жүзеге асырылады:

  • Кәсіби қызметкерлерді сапалы жоспарлау және тарту;
  • Жоғары кәсіби білікті қызметкерлерді дамыту және ұстап қалу;
  • Қызметкерлерді үздіксіз оқыту және дамыту;
  • Кадрлар резервін құру және дарындарды басқару;
  • Қызметкерлерді ынталандыру;
  • Жеке және ұжымдық нәтижелер үшін бәсекеге қабілетті еңбек төлемін қамтамасыз ету;
  • Қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету;
  • Корпоративтік мәдениетті, компания ішіндегі климат пен ішкі коммуникация арналарын дамыту және сақтау;
  • Заңнама талаптарын бұлжытпай сақтау.