Компания

/Компания
Компания2018-01-12T15:31:37+00:00

«Трест Средазэнергомонтаж» АҚ – жылу-энергетикалық қондырғыларын құру, монтаждау, қайта құру және жөндеу бойынша жетекші компания, негізі 1942 жылы қаланған. Трест қызмет еткен жылдары компания мамандары Орта Азиядағы жылу-электр станцияларының барлығының дерлік құрылыс жұмыстарына қатысқан. 1994 жылға дейін Трест құрастырған турбиналардың жалпы қуаты 25 600 МВт құрайды. Бу қазандықтарының қуаттылығы – сағатына 115,5 мың тонна буға жуық.

1994 жылдан бастап «Трест САЭМ» ЖЭО жылу-энергетикалық қондырғыларын монтаждау, қайта құру және жөндеуге маманданған. 2005 жылдан бері «Трест Средазэнергомонтаж» АҚ мамандары Астана 1-ЖЭО, 2-ЖЭО, Петропавл 2-ЖЭО және Павлодар 3-ЖЭО-нда жалпы қуаты 862 МВт турбоагрегаттарды, жалпы өнімділігі сағатына 2 720 тонна бу қазандықтарын, жалпы өнімділігі 940 Гкал/с су жылыту қазандықтарын пайдалануға берді. Трест, сондай-ақ, «Каустик» АҚ хлор-сілтілі өндіріс зауытын салу бойынша бірегей тәжірибеге ие.

Компания құрамына екі еншілес кәсіпорын – «Средазэнергомонтаж Павлодар» ЖШС, «Средазэнергомонтаж Петропавл» ЖШС және тәуелді кәсіпорын – «ЦЕНТРКАЗЭНЕРГОМОНТАЖ» АҚ кіреді. Сондай-ақ, «Трест САЭМ» АҚ құрылымында Оқыту-курстық комбинат, Сынақ зертханасы, Аттестаттау пункті және Дәнекерлеу мен термоөңдеу бөлімі кіреді.

«Трест Средазэнергомонтаж» АҚ компаниялар тобы қызметкерлерінің саны 3 000 адамнан астам.