Жас мамандар

/Жас мамандар
Жас мамандар2018-01-15T11:59:29+00:00

Компанияда өндірістік қызметкерлер (цех, учаске, бөлім басшылары және олардың орынбасарлары, прорабтар, шеберлер) қатарынан негізгі жетекшілер лауазымдарына кадрлар резервін қалыптастыру процесі жүруде. Резервті дамыту бойынша шаралар есебінде Оқыту-курс комбинатында техникалық қызметкерлердің біліктілікті көтеру,  басқарушылық қабілетті дамыту бойынша тренингтер өткізіліп, жеке дамыту бағдарламалары жүргізіледі.

Сыртқы кадрлар резервін қалыптастыру және жас мамандарды тарту үшін топ кәсіпорындары қатысу аймақтарындағы оқу орындарымен бірігіп жұмыс жүргізеді. Серіктестер қатарында Павлодар қаласында Павлодар монтаж колледжі, Еуразия университетінің инновациялық колледжі, Павлодар түсті металлургия колледжі, Петропавл қаласында М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті, Кәсіби-педагогикалық колледжі, сондай-ақ, кәсіби лицейлер бар.

Компанияның өндірістік алаңдарында студенттер электр-газ дәнекерлеушісі, инженер-жылутехник бағыттары бойынша өндірістік тәжірибеден өтеді. Кәсіпорындардың еңбек сіңірген қызметкерлері еңбек қызметін оқу орындары мен оқу орталықтарында сабақ берумен ұштастырады.

Жас мамандарды біздің кәсіби мамандар командасына қосылуға шақырамыз!